Қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелер – 2020
Құрметті әріптестер, жас ғалымдар!
Kazconf – ғылыми конференциялар порталы 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай «Қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелер – 2020» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушылар мен ғалымдарды шақырамыз.
Конференция өтетін орны: «Bilim Innovations Group» орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан.
Конференция өткізу мерзімі: 13-14 сәуір 2020 ж.
Мақалаларды қабылдау (қоса алғанда): 2020 жылдың 12 сәуіріне дейін.
Жинақтың электронды нұсқасын порталға орналастыру: 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін.
Баспа жинақтарын авторларға тарату: 2020 жылдың 1 мамырға дейін.
Конференцияның ресми тілдері: қазақша, орысша, түрікше және ағылшынша.
Конференцияны өткізу түрі: қашықтықтан (онлайн).
Конференция шеңберінде келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:
Гуманитарлық ғылымдар саласы:
- Халықаралық қатынастар;
- Түркология және шығыстану;
- Тарих, археология және этнология;
- Филология және әдебиеттану;
- Шетел филологиясы және аударма ісі;
- Дінтану және теология;
- Философия және мәдениеттану.
Педагогика және білім беру саласы:
- Педагогика және психология;
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
- Кәсіптік оқыту;
- Дефектология;
- Дене шынықтыру және спорт;
- Бейнелеу өнері және сызу;
- Музыкалық білім беру.
Құқық қорғау, әскери іс және қауіпсіздік салалары:
- Құқықтану және құқық қорғау қызметі;
- Халықаралық құқық;
- Кеден ісі;
- Өрт қауіпсіздігі;
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Жаратылыстану ғылымдары салалары:
- Математика және информатика;
- Механика;
- Физика және ядролық физика;
- Химия;
- Биология;
- Экология;
- География және гидрология.
Әлеуметтік ғылымдар және экономика салалары:
- Әлеуметтану;
- Саясаттану;
- Журналистика және баспа ісі;
- Экономика және әлемдік экономика;
- Маркетинг және менеджмент;
- Қаржы, есеп және аудит;
- Мемлекеттік және жергілікті басқару;
- Статистика;
- Қоғаммен байланыс және PR;
- Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару.
Өнертану салалары:
- Музыкатану және дәстүрлі музыкалық өнер;
- Хореография;
- Дизайн және сәндік өнер;
- Арт-менеджмент;
- Кескіндеме, графика және мүсін;
- Музей ісі және ескерткіштерді қорғау;
- Өнертану;
- Режиссура және актерлік өнер;
- Дирижерлау, сценография және композиция;
- Операторлық өнер;
- Эстрада және актерлік өнер.
Қызмет көрсету салалары:
- Әлеуметтік жұмыс;
- Мәдени-тынығу жұмысы;
- Туризм;
- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі;
- Логистика, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
- Жерге орналастыру және кадастр.
Техникалық ғылымдар және технологиялар салалары:
- Автоматтандыру және басқару;
- Ақпараттық жүйелер;
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- Математикалық және компьютерлік моделдеу;
- Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
- Биотехнология;
- Геодезия және картография;
- Көлік, көліктік техника және технологиялар;
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
- Бейорганикалық және органикалық заттардың химиялық технологиясы;
- Техникалық физика;
- Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру;
- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- Метрология, стандарттау және сертификаттау;
- Ғарыштық техника және технологиялар;
- Инженерлік жүйелер мен желілер.
Ауыл шаруашылығы ғылымдары:
- Агрономия;
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы;
- Су ресурстары және су пайдалану;
- Аграрлық техника және технология;
- Топырақтану және агрохимия;
- Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау;
- Өсімдіктерді қорғау және карантин;
- Аңшылық және аң шаруашылығы;
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау;
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы;
- Жеміс-көкөніс шаруашылығы;
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады. Конференция жинағында жарияланған барлық мақалалар kazconf.com порталында электронды түрде орналастырылады.
- Материалдарды рәсімдеу ережесімен танысу
- Төлем шарттарымен танысу
- Конференция туралы ақпараттық хатты жүктеу
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
010008, Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлы Дала даңғылы, 38
«Bilim Innovations Group» орталығы
Байланыс номері: +7707-4929322
е-mail: info@kazconf.com
Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ