Біз туралы

Портал жайлы

Kazconf.com ғылым порталы – халықаралық деңгейде ғылыми конференциялар өткізеді.

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін 38 Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Украина және тағы басқа елдерден авторлар қатысты. Конференция жұмысына Жоғары оқу орындарының ғалымдары мен білім алушылары, мектеп-колледж мұғалімдері қатысуда.

Конференцияға келген мақалаларды әр саланың мамандарынан құралған сарапшылар тексереді. Сарапшылардың оң пікірін алған мақалалар конференция жинағына шығарылады. Әр конференция жинағы мемлекеттік тіркеуден өтіп, ISBN алынады.

Конференция жинақтары порталдың Архив бөлімінде электронды түрде орналастырылады. Мақала авторларына жеке сертификат беріледі.

Kazconf.com - ғылыми порталы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетіне тіркеліп, 09.04.2020 жылы №KZ36VPY00022176 куәлігін алған.

«Bilim Innovations Group» ғылыми-зерттеу орталығы порталдың меншік иесі болып табылады. Орталық ҚР Білім және ғылым министрлігінен аккредиттеуінен өтіп, 22 қазан 2021 жылы №000262 куәлігін алған.

Kazconf.com ғылым порталының Бас редакторы – PhD-доктор А.А. Амангельдиев.