Жаңа ғылыми зерттеулер – 2022

Құрметті әріптестержас ғалымдар!

Kazconf.com – ғылыми конференциялар порталы «Жаңа ғылыми зерттеулер – 2022» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушылар мен ғалымдарды шақырамыз.


Конференция өтетін орны: Түркістан қаласы, Қазақстан.

Конференция өткізу мерзімі: 22-23 ақпан 2022 ж.


Мақалаларды қабылдау (қоса алғанда): 2022 жылдың 21 ақпанына дейін.

Жинақтың электронды нұсқасын порталға орналастыру: 3 наурыз 2022 ж.

Конференцияның ресми тілдері: қазақша, орысша, түрікше және ағылшынша.

Конференцияны өткізу түрі: қашықтықтан (онлайн).


Конференция шеңберінде келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:


       Гуманитарлық ғылымдар саласы:

  • Халықаралық қатынастар;
  • Түркология және шығыстану;
  • Тарих, археология және этнология;
  • Филология және әдебиеттану;
  • Шетел филологиясы және аударма ісі;
  • Дінтану және теология;
  • Философия және мәдениеттану.

    Педагогика және білім беру саласы:

  • Педагогика және психология;
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану;
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • Кәсіптік оқыту;
  • Дефектология;
  • Дене шынықтыру және спорт;
  • Бейнелеу өнері және сызу;
  • Музыкалық білім беру.

    Құқық қорғау, әскери іс және қауіпсіздік салалары:

  • Құқықтану және құқық қорғау қызметі;
  • Халықаралық құқық;
  • Кеден ісі;
  • Өрт қауіпсіздігі;
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

    Жаратылыстану ғылымдары салалары:

  • Математика және информатика;
  • Механика;
  • Физика және ядролық физика;
  • Химия;
  • Биология;
  • Экология;
  • География және гидрология.

    Әлеуметтік ғылымдар және экономика салалары:

  • Әлеуметтану;
  • Саясаттану;
  • Журналистика және баспа ісі;
  • Экономика және әлемдік экономика;
  • Маркетинг және менеджмент;
  • Қаржы, есеп және аудит;
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • Статистика;
  • Қоғаммен байланыс және PR;
  • Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару.

    Өнертану салалары:

  • Музыкатану және дәстүрлі музыкалық өнер;
  • Хореография;
  • Дизайн және сәндік өнер;
  • Арт-менеджмент;
  • Кескіндеме, графика және мүсін;
  • Музей ісі және ескерткіштерді қорғау;
  • Өнертану;
  • Режиссура және актерлік өнер;
  • Дирижерлау, сценография және композиция;
  • Операторлық өнер;
  • Эстрада және актерлік өнер.

    Қызмет көрсету салалары:

  • Әлеуметтік жұмыс;
  • Мәдени-тынығу жұмысы;
  • Туризм;
  • Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі;
  • Логистика, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
  • Жерге орналастыру және кадастр.

    Техникалық ғылымдар және технологиялар салалары:

  • Автоматтандыру және басқару;
  • Ақпараттық жүйелер;
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • Математикалық және компьютерлік моделдеу;
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
  • Биотехнология;
  • Геодезия және картография;
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар;
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
  • Бейорганикалық және органикалық заттардың химиялық технологиясы;
  • Техникалық физика;
  • Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру;
  • Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  • Метрология, стандарттау және сертификаттау;
  • Ғарыштық техника және технологиялар;
  • Инженерлік жүйелер мен желілер.

    Ауыл шаруашылығы ғылымдары:

  • Агрономия;
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы;
  • Су ресурстары және су пайдалану;
  • Аграрлық техника және технология;
  • Топырақтану және агрохимия;
  • Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау;
  • Өсімдіктерді қорғау және карантин;
  • Аңшылық және аң шаруашылығы;
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау;
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы;
  • Жеміс-көкөніс шаруашылығы;
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету.

Қатысу шарты:

Материал автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижесі туралы анық көрініс беруі тиіс. Мақаланың мазмұны мен жіберілген қателерге автор жауап береді.

Конференцияға қатысушылар kazconf.com порталындағы тіркеуден өтіп, баяндамасының электронды нұсқасын жіберу керек. Конференция ақылы түрде өтеді.

Конференция қатысушыларына сертификат беріледі. Конференция жинағында жарияланған барлық мақалалар kazconf.com порталында электронды түрде орналастырылады.


Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

«Bilim Innovations Group» ғылыми-зерттеу орталығы

Байланыс номері: +7707-4929322

е-mail: info@kazconf.com

 

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ