Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді

26-03-2020 - 30-04-2020 1312

Құрметті әріптестер, ғалымдар!

Ағымдағы жылдың 29-30 сәуірде Ғұлама ойшыл Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай «Ғылым және инновациялар: жаңалықтар, мәселелер мен жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға қатысуға барлық білім алушылар мен ғалымдар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс және ағылшын.

Конференцияға қатысу жайлы толық ақпаратты kazconf.com порталының «Конференция» бөлімінен ала аласыздар.