Ғылыми конференциялар порталы іске қосылды!

26-03-2020 - 31-12-2020 1565

Құрметті әріптестер және ғалымдар!

Kazconf.com – ғылыми конференциялар порталы іске қосылғанын хабарлаймыз. Портал халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастырумен және өткізумен айналысады. Конференцияға келіп түскен мақалаларды әр саланың мамандарынан құралған сарапшылар тексереді. Тексерілген және сарапшылардың оң пікірін алған мақалалар баспаға жіберіледі. Әр конференцияның соңында міндетті түрде материалдар жинақтары шығарылады. Жинақтардың барлық қажетті атрибуттары, яғни: ISBN, ӘОЖ кодтары болады. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конференцияларға мақалалар бірнеше тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс) қабылданады.